2023 жылдың 20 қараша күні бастауыш сынып оқушыларына арналған «ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК,АМАН – ЕСЕН ЖҮРЕЙІК» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Оған жауапты 3-4 сынып жетекшілері Р.Қ. Хамзина, Ж.Т. Сматаева және Б.М.Альжанова.
Мақсаты:Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Оқушылар
«Жұмбақтарды шешу»;
«Таныстыру» сайысы;
Капитандар сайысы;
«Жол белгілерін білейік»спорттық сайыс;
«Орнына дұрыс қой» сұрақтар мен тапсырмалар;кезеңі бойынша бақ сынады.
Оқушылар бір-бірімен сайыса отырып, жол қауіпсіздігі, жол ережесі туралы тереңірек білді.
Осы сайыста І-орын: 4”ә” сынып, ІІ-орын: 4”А” сынып, ІІІ-орын: 3 сыныптар иеленді. Әр топқа мадақтама мен шағын сыйлықтар берілді. Оқушыларға сайыс өте әсерлі және қызықты болды.