Мұзафар Әлімбаев – 100 жыл

Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ — олақ», «Шынықсаң — шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал — мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал — сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз — ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын — зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.

Шығармалары
• Шығармалар жинағы: Екі томдық.
• Таңдамалы: 2 томдық.
• Таңдамалы өлеңдер поэмалар.
• Ақсерек те көксерек: Тақпақтар, дастандар, ән — өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
• Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
• Аулақ бол жаман әдеттен: Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған.
• Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар.
• Биікке, биікке: Балаларға арналған өлеңдер.
• Екі тақтай — бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер.
• Ер айнасы — еңбегі: Еңбек туралы мақалалар мен нақылдар.
• Жауқазын: Дастандар мен өлеңдер.
• Жолдар — жырлар: Өлеңдер.
• Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэма.
• Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: Естеліктер, эсселер.
• Көңіл күнделігінен: Эссе, зерттеулер.
• Көңіл күні: Таңдамалы.
• Көргендерім көңілде: Деректі эссе — очерктер.
• Қалам қайраты: Эсселер, сын мақалалар.
• Қоянның құлағы неге ұзын?: Балалар үшін өлеңдер, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
• Құрбыма: Өлеңдер.
• Лирика.
• Менің Қазақстаным: Поэма.
• Менің ойыншығым.
• Отанның орны — жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар, эссе.
• Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой — толғамдар.
• Өрнекті сөз — ортақ қазына.
• Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
• Өшпес от: Дастан мен өлеңдер.
• Сен дегенде: Өлеңдер, балладалар, мысалдар.
• Сүймеген жүрек семеді: Өлеңдер, балладалар, нақылдар.
• Тәрбие туралы әңгімелер.
• Толқыннан толқын туады: Зерттеулер, эссе, естеліктер.
• Ту тіккен: Поэма мен өлеңдер.
• Халық — ғажап тәлімгер: Қазақ халқының мақал — мәтелдері, қара өлеңдері.
• Хас батыр Қасым Қайсенов.

Қосымша ақпарат көздері