4 қазанда №3 Смирново орта мектебінің 30-жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасында зейнеткер, 40 жыл педагогикалық өтілі бар Акжолова Кулямдам Абиловна әжемен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: « Білім », «махаббат », адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: оқу – білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
• оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;
• кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: «Кітап әлеміне саяхат» библиосерфинг көрмесі.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»,- деп халық мақалынан әңгіме кешіміз басталды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Кулямдам Абиловна мектепте 40 жыл жұмыс істеп өз ұстаздық жолын баяндап берді, балалар сұрақ қойды:
1.Адамға білім не үшін керек?
2.Оқу кезінде қандай қиындықтар кездесті?
3.Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыз?
4.Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыз?
Балаларға да сұрақ қойылды. Мысалы: білім неге жетелейді? -деген сұраққа, балалар былай жауап берді:
Болашаққа жетелейді.
Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі
Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.
Өмірді түсінуге көмектеседі.
Мамандық таңдауға көмектеседі.
Кештің аясында әжеміз балаларды көбірек кітап оқу керектігін және кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әр адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтыны шындық деп өз пікірін білдірді.
Кездесу кешінің сонында өз тілегін айтты.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!
Жақсы маман болып, еліміздің дамуына өз үлестерінді қосындар!