Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап менің досым»
Сабақтың мақсаты:
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды кітапты күтіп ұстауға үйрету.
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар. Олар біздің салт-дәстүрімізді,тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады. 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күні және 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап күні болып табылады. Кітап мерекесіне орай №3 Смирново орта мектебінің кітапханасында 3 сынып оқушыларына тәрбие сағат өткізілді, 5 сынып оқушылары қойған «Ескі кітап» атты қойылымды тамашалады.Сұрақ-жауап сайысында ең белсенді қатысқан оқушылар грамотамен марапатталды.