Ағалар клубының отырысы

09.11.23ж. күні №3 Смирново орта мектебінде «Ағасы бардың – жағасы бар» тақырыбында ағалар клубының отырысы өтті. Мақсаты:

Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкелерді мектеппен тығыз байланыста болуға шақыру.

Бұл отырыста «Мен үшін әке болу – бұл…» тренингі өткізілді. Әкелерге отбасыда болатын қатыгездік туралы бейнероликтер көрсетіліп, ситуациялық сұрақтарды талқылау ұсынылды. Мектеп психологі әкелерге балалармен жағымды қарым-қатынасты қалай дұрыс орнату қажеттілігі туралы кеңес берді.

Нравится

Комментировать

Поделиться

Қосымша ақпарат көздері