28.11.2023ж. күні «№3 Смирново орта мектебі» оқушыларына Аққайың аудандық емханасынан мамандар мен кездесу өткізілді. Д.В.Лапшева мен Ү.Б.Касымова 8-11 сынып оқушыларына «АИТС пен ЖҚТБ», «Туберкулездің алдын алу» тақырыптарына дәріс оқыды. Бұл іс-шараға директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.М.Умбетова, мектеп психологі Е.Т.Альжанов және мектеп медбикесі Б.З.Сайдалинова қатысты.
Іс-шараның мақсаты-туберкулездің, ЖҚТБ-ның алдын алу, аурудың пайда болу ерекшеліктері, берілу жолдары және осы инфекциямен күресу шаралары туралы ақпарат беру.
Жоғары сынып оқушыларының ЖҚТБ-нің,туберкулездің ерекшеліктері, белгілері және алдын-алу шаралары туралы хабардар болу деңгейі өте жоғары деп бағаланады. Оқушылар туберкулездің белгілері, аурудың алдын алу тәсілдері, туберкулезбен сырқаттануға әсер ететін факторлар туралы жақсы хабардар болды, оқушыларға»өздерін туберкулезден қалай қорғауға болады» жадынамалар таратылды, оқушыларды екі топқа бөліп практикалық жұмыстар жүргізді, сұрақтарға жауап берді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жайнагуль Умбетова