Мақсаты: Халық ықыласына бөленіп жүрген спортшылар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сәлеметсіздер ме ардақты әкелер, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің кездесуімізде “Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі” сөз қозғаймыз.
- Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды дәріптеу;
- Қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау. (сот телефон,вейп темекі,спортқа қатыспайды).
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл… » (шаттық шеңберге тұру)
Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік…т.с.с./
Психолог: Ой бөліскендеріңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Бүгінгі бағдарламамызда ұл бала тәрбиесін жан-жақты талқыға салып, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырысамыз. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Өкінішке орай соның бәрі қалып барады.
Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек?
Осы сауалдар төңірегінде бүгін ой қозғамақпыз.
Отбасындағы ер бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін балаларына үйреткен(қазір сот телефон,жұмыс). Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Қазақ отбасында ер баланың өз орны бар.Ата-аналарға ҚР-ң атақты спортшылары туралы әңгіме жүргіздім. Ағалар арасында бірнеше жағдаяттар талқыланды. Кейін денсаулыққа зианды әрекеттер туралы айтылды. Мысалы: ішімдік,электронды темекі,нашақорлық жайлы бейне роликтер көрсетіліп,талдау жасалды.
Ситуациялық жағдаяттарды талдау.
1.Балаңыздың алғаш рет темекіге әуестігін байқадыңыз. Не істейсіз? Қандай кеңес бересіз? 2.Мектептегі мұғалімдерден «Балаңыздың тәртібі нашарлап барады, сабақ қарауды қойды» деген шағымдар түсті. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
3.Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай қылығымен айналасындағылардың мазасын алады. Сіз не істейсіз?
4.Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін. Сіз қандай әрекет жасайсыз?»
5.Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Таңертең балаңыз «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?
6.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады? Осы жағдайаттар туралы ағалар өз жауаптарымен бөлісті.
Қорыта айтқанда, ер азаматты жастайынан байлыққа емес әдеп пен ізгілікке, кішіпейілділік пен жомарттыққа тәрбиелеу керек.Бойына жақсы қасиеттерді жинап өскен жастар еліне, жеріне қызмет ететін жанашыр азаматтар болары анық. Сол себепті қазіргі жаһандану заманында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерімізді сақтап қалу үшін ата-бабамыз көрсеткен жолмен жүріп, жастардың бойына жақсы қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу қажет.
https://youtu.be/bwgw9pQVU9c?si=uzdOZzujKA3IgYWd ішімдіктің зияны
https://youtu.be/Rbg6UvKXLeI?si=ud-IAGPPR2mrdxg- энергетикалық сусын зияны
https://youtu.be/RO17-EvRsug?si=net0dzphChcNkXb9 нашақорлыққа жол жоқ
https://youtu.be/a2NFc5AfoMI?si=2gZuU-3XOvZfutyS нашақорлық әлеуметтік ролик
Мектеп психологі Альжанов.Е.Т.