Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. Дәл осы Көрісу күні- Амал мерекесі біздің шағын орталықта тойланды.Тәрбиешілер ата-аналарға жақсы тілектерін тіледі.