Бүгін, сәуірдің 12-сі №3 Смирново орта мектебінің ұстаздары мен 4-11 сынып оқушылары «Шахмат ойнау» челленджіне қатысты. Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Шахмат ойыны – бұл ерте заманнан келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар интелектуалды ойын түрі. Қазіргі таңда көпке танымал үстел ойыны түрлерінің бірі болып саналады. Бұл керемет шахмат ойының – ғылым, спорт, өнер түрлеріне жатқызуға болады. Шахмат ойыны логикалық ойлауға, алға қойған мақсатымыздың орындалуына, жасап жатқан ісімізді терең жоспарлауға, сонымен қатар шыдамдылық пен зейін қоюды дамытуға үйретеді.