Мектеп формасының жалпы ережесі.

1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже (әрі қарай мәтін бойынша — Ереже) «Білім туралы» Заң, мектеп Жарғысы, №3 Смирн3 Смирново орта мектебінде , Мектепішілік тәртібі негізінде құрастырылды.
2. Мектеп формасы – білім алушының киім стилі.
3. Мектеп формасы келесі мақсатпен енгізілді:
— мектепте оқу-іскерлік ахуалды қолдау;  
— тәртіпті нығайту;
— социумда мектеп беделін нығайту;
— оқушы тұлғасының адамгершілік қасиеттерін дамыту, оның мәдениетін арттыру;
— қазіргі заман қоғамымен талап етілетін, мектеп бітіруші үлгісін қалыптастыру.
2. Негізгі ережелер
1. Бірыңғай үлгідегі мектеп формасы 01.09.2024 оқу жылынан бастап енгізілді.
2. Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.
3. Мектеп формасының үлгісі классикалық (іскерлік) стильде әзірленеді және барлық 1-11-ші сыныптарда білім алушылар үшін бірыңғай болып есептеледі.

3. Құқықтар, міндеттер және жауаптылар
Білім алушылардың құқықтары:
1. Мектеп форма үлгісін талқылауға белсенді қатысу. 
Білім алушылар міндетті: 
1. Күнделікті мектеп формасында келу. 
2. Форманы таза ұстау, оған ұқыпты қарау.
3. Мектепте басқа да білім алушылардың формасына ұқыпты қарау. 
4. Қыздар шаштарын буып, бұрымға өріп, қыштырғышпен жинап, ер балалар шашты ұқыпты алғызып қою, шаш түсі табиғи болу керек.  
Мектепте білім алушыларға тыйым салынады:
1. Сабаққа мектеп формасыз келу.
2. Сабақтарға екінші аяқ киімсіз келу. .
3. Футболка, жемпір, свитерді, ашық түсті жейделерді киіп келу.

Қосымша ақпарат көздері