«Мектепке жол» республикалық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

«№3 Смирнов орта мектебі» КММ-де, «Мектепке жол» акциясы бойынша «АО СПК СКО Солтүстік» Есдаулет Жаксылык Тлеуевичтің демеушілігімен 1 сыныпта оқитын бес балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды.

Республикалық «Зекет» қорының қолдауымен 10 оқушыға рюкзактар ​​табысталды. Көп балалы отбасыдан шыққан үш оқушыға мектеп әкімшілігінен кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек көрсетілді.Сондай-ақ, «Аққайың ауданы білім бөлімі» КММ-сі, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 7 оқушыға, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырды.

73 балаға жыл сайынғы біржолдық жәрдемақы төленді. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті болсын деген кеңес айтылды. Көмекке мұқтаж жандарға қажетті заттар мен кеңсе тауарларын жинау үшін мектеп фойесіне «Қайырымды қолдар» контейнері орнатылды. Жиналған заттар мен кеңсе тауарларын көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 16 оқушы алды.Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс.

Қосымша ақпарат көздері