#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ#ұстаздар күні

3 Смирново орта мектебінде ұстаз еткен ардақты ардагеріміз Шойбекова Назира Есенкулқызы туралы жылы сөздер айтқымыз келеді. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Бүгінгі күнгі шығарылымының кейіпкері – ұстаз, бастауыш мұғалімі Шойбекова Назара Есенкулқызы . Бүгінде отбасында 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген,10 немересінің қызығын көріп отырған отбасының тіреуі – бақытты ана, әже.Ұстаздық еңбек жолын 1985 жылы бастауыш мұғалімі болып жұмысқа қабылданды, 2002 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келіп еңбек жолын жалғастырып 2021 жылы зейнетке шығады.
Назира Есенкулқызы ешқашан мойымайтын, ойына алғанын іске асыратын нағыз еңбек адамы болатын.Шойбекова Назира Есенкулқызын #3 Смирново орта мектебінің ұжымы мұғалімдер күнімен құттықтайды.

Қосымша ақпарат көздері