Дублёр күні

#Дублер_күні

#Біртұтас_тәрбие

ДУБЛЕР КҮНІ🎙️
Мектебімізде Ұстаздар күніне орай,
«Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен бірге 4 қазан күні «Дублёр күні» өтетіндігін хабарлаймыз! Парламентінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және 11 сынып оқушылары дайындық жұмыстарын бастады.
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай оқушыларды жалпыадамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «ДУБЛЕР КҮНІ» өткізіледі.
Шәкірттерімізге асқан жауапкершілік пен сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері