#Біртұтас_тәрбие. # Алғысайту. #Ризашылық #ЖақсылықЖаса

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ – ЖАҚСЫЛЫҚҚА ТОЛЫ МЕРЕКЕ!

Бүгін – жүректер мейірімге, тілектер ізгілікке толатын ерекше күн! Алғыс айту күні – айналамыздағы жақсылықтарды бағалап, жанымыздағы жандарға шынайы ризашылығымызды білдіретін тамаша мүмкіндік.

Біздің шәкірттеріміз де бұл күнді ерекше атап өтті! Әр сынып өздерінің жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Ұстаздарға, ата-аналарға, достарына, туған жеріне деген ризашылықтарын әдемі сөздермен, әсерлі көріністермен білдірді.

Бұл көріністер – тек бір күннің емес, жыл бойғы шынайы ықыласымыздың көрінісі! Жақсылық пен мейірім таратқан оқушыларымызға алғысымыз шексіз!

Қосымша ақпарат көздері