Аудандық Білім бөлімінен келген сұраныс бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Қорлау (буллинг) тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында 04.03 — 11.03.25 ж түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1.« Буллинг және кибербуллинг» алдын алу мақсатында таныстыру жұмыстарын өткіздім.
2 «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу»дәрістер оқылып кеңес берілді.
Мақсат:
1.«Буллинг және кибербуллинг»туралы толық мағлұмат беру.
2.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, сол себебті оқушыларға әлімжеттіліктен қорғалу жолдары туралы түсіндірілді.
3.Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар 1-11 сынып оқулықтарына QR кодтар жабыстырылды. Қиын жағдайға тап болсаңыз осы QR код арқылы өзіңізге керек көмек ала аласыз. Бүгінде қай-қайсымыз болсын «айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған» осы жаһандық «тордың» тұтқынымыз. Мұндайда ес білетін ересектерден бұрын оңы мен солын танып үлгермеген балалар мен жасөспірімдер үшін алаңдайтын болдық. Оған себеп – баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізетін буллинг пен кибербуллингтің кесірі. Бүгінде еліміздегі 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12%-ға жуығы – осы кибербуллингтен жапа шеккендердің қатарында. Сол мақсатта мектебімізде келесі іс-шаралар өткізілді. Келесі бейне роликтер тамашаланды.
https://youtu.be/DnOhSovKyrQ буллинг туралы кеңес
https://www.youtube.com/watch?v=pneqoYVovFwть әлімжеттік деген не?
https://www.youtube.com/watch?v=JYVmZysiCQ4 кибербуллинг туралы кеңес