#судыүнемдеу
1-11 сыныптар арасында «Суды үнемдеу – болашаққа қамқорлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар судың маңыздылығы, оны үнемдеудің жолдары мен маңызы туралы мағлұмат алды. Әртүрлі сынып оқушылары белсене қатысып, суреттер салып, тақырып бойынша ой бөлісті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты табиғатты аялауға, су ресурстарын үнемдеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті және оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты.






