19 мамыр 2025 жылы СҚО білім басқармасының әдістемелік орталығы 9–11 сынып оқушыларына арналған «Шабыттандыратын әңгімелер» тақырыбында онлайн отырыс өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, табысты тұлғалардың өмір жолы арқылы шабыт беру. Кездесу барысында мотивациялық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Балалар табандылық, еңбекқорлық, мақсат қою сияқты құндылықтарды ұғынды. Онлайн отырыс оқушылардың қызығушылығын оятып, жағымды әсер қалдырды.

Қосымша ақпарат көздері