23 мамыр күні №3 Смирново орта мектебінде жалпы мектеп бойынша сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттар барлық мектептерде дәл биылғы жылы ерекше өтті. «БІЛІМІМ ОТАНЫМА» атты тақырыпта болды .Мақсатымыз Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу болды. Осы тақырыпта біздің 5 сынып оқушылары да сынып сағатын оқушылырға әсерлі жеткізуге тырысып өткіздік.Жыл бойы сыныптағы сабақта үздік, спорт жағынын өздерін мектепте ғана емес, аудан, облыс тіпті республика көлемінде көрсете білген сыныбымыздың мақтаныштарын атап өттік. Болашақта осы оқушыларымыздың Отанымыздың мақтанышына , ата анасының қолқанаты болсын деп тілек білдіреміз.Сынып сағатын ата аналармен бірге балалардың жаз бойғы қауіпсіздік ережесін қатаң түрде естен шығармай жадында ұстауы керек екенін ескерту жұмыстарын жүргіздік

Қосымша ақпарат көздері