4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – егемен еліміздің тұтастығы мен бірегейлігін білдіретін маңызды мереке. Осы мереке орай мектебіміздің оқушылары салтанатты іс-шараға қатысты
1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді
Ту – бейбітшілік пен болашаққа деген сенім,
Елтаңба – тарих пен ұлттық болмыстың көрінісі,
Әнұран – ел бірлігі мен рухтың үні.
Бұл күн – әр қазақстандықтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімін арттыратын, мемлекеттік нышандарымызға деген құрметті жаңғыртатын ерекше дата.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздеріміз – мақтанышымыз!



