№3 Смирново орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
2025 жылғы 1 қыркүйек күні №3 Смирново орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі Білім күні мерекесі аталып өтті.
Салтанатты жиынға 1-сынып пен 11-сынып оқушылары қатысты. Алдымен Мемлекеттік Әнұран орындалып, құттықтау сөз мектеп директоры Райса Кенесқызына берілді. Ол оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тіледі.
Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуанышты сәтке айналды. Оларға үлкендер ізгі тілектерін арнап, алғашқы қоңырау соғылды. Ал 11-сынып түлектері кішкентайларға жылы лебіздерін білдіріп, батасын берді.
Жаңа оқу жылы барша шәкірттер үшін сәтті, ұстаздар үшін жемісті болсын!
#білімберу
#алғашқықоңырау
#қоңырау25
#білімберуминистірлігі


