«№3 Смирново орта мектебі»КММ мектепке дейінгі және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша Ашық есік күні өтті.

📌 Ашық есіктің тақырыбы: «Мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сабақтастығы: дамудың негізгі факторлары»

🎯 Мақсаты – балалардың мектепке дейінгі ұйымнан мектепке ауысу үдерісін жеңілдету, балабақша мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты қалыптастыру.

👧🧒 Іс-шараға «Балапан» балабақшасының тәрбиешілері қатысып, бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып балалардың жеке даму картасы бойынша жұмыс жүргізудің тиімділігін талқылады.

💡 Сонымен қатар, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, балалардың қазіргі даму деңгейі, көрсетіліп жатқан қолдау, әрі қарайғы даму жолдары жайлы пікір алмасты.

🤝 Бұл іс-шара мектеп пен балабақша арасындағы тығыз байланыстың балалардың жаңа ортаға бейімделуінде ерекше маңызға ие екенін көрсетті.

Қосымша ақпарат көздері