«№3 Смирнов орта мектебі» жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 10 қазан күні біздің балабақшада ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа тәрбиешілер, әдіскер, медбике және балалардың ата-аналары қатысты. Шараның мақсаты – баланың дамуындағы балабақша мен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.

Жиналыс барысында тәрбиешілер топтағы балалардың тәртібі, оқу-тәрбиелік жұмыстары, қатысу белсенділігі мен жетістіктері туралы айтты. Сонымен қатар, алдағы мерекелер мен шаралар жөнінде ақпарат беріліп, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ата-аналар балабақшаның жұмысына ризашылықтарын білдіріп, кейбір ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті.

Қосымша ақпарат көздері