«Мен қауіпсіз жердемін, мені түсінеді, және мен жалғыз емеспін» тақырыбымен психологтың ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіз орта қалыптастыру, эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған кеңес беру.
Іс-шара барысында қатысушыларға жеке және топтық кеңес беру ұйымдастырылды, сенімді атмосфера құруға арналған жаттығулар жүргізілді. Оқушылар өз сезімдері туралы ашық пікір алмасып, психологтан қажетті қолдау мен ұсыныстар алды.
Қорытындылай келе, ашық есік күні оқушыларға эмоционалдық демеу беріп, олардың өзін қауіпсіз сезінуіне, өзіне деген сенімін арттыруға оң әсерін тигізді.







