Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» тарапынан 2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Тіл мұрасы» облыстық жобасының білім беру ұйымдарына енгізілетіні туралы хабар берілген.Осыған орай, «Смирново орта мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында 2025 жылдың 21 қарашасында «Менің ана тілім» атты сөйлеуді дамыту сабағы аясында тәрбиелік-танымдық ертеңгілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — бүлдіршіндердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, сөздік қорын молайту, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын дамыту болды.

Ертеңгілікте балалар қазақтың халық ертегілерін қызыға тыңдап, ертегі кейіпкерлерінің рөлдік сөздерін қайталап айту арқылы байланыстырып сөйлеу қабілеттерін жетілдірді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, бүлдіршіндердің қимыл белсенділігі мен топпен әрекеттесу дағдылары дамыды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен, қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы өз ойын еркін жеткізуге талпынды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында бүлдіршіндер өз ана тілінің қадір-қасиетін сезініп, жандүниелері мен ойлау қабілеттерін тіл арқылы дамытуға мүмкіндік алды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, балалардың белсенділігі мен эмоциялық көңіл күйі жақсы байқалды

Қосымша ақпарат көздері