Бекітемін
«№3 Смирнов орта мектебі» КММ директоры
Р.К. Нуртазинова
« » 2025жыл
2025-2026 оқу жылына арналған «№3 Смирнов орта мектебі» КММ мектепішілік бақылау жоспары
Мазмұны
Түсінік хат……………………………………………………………………………………………………….. 3
Мектепішілік бақылау жоспары……………………………………………………………………… 4
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………. 5
ІІ. ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ……………………………………………………………………………….. 8
- БІЛІМНІҢ ОЛҚЫЛЫҚТАРЫН ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАУ………………………………………………………………………………… 11
- ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ………………………………………………………………………………………………………. 13
- МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ……………………………………………………………………………………………………………………………… 16
VІ. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ, ӨТКІЗІЛГЕН ІС –ШАРАЛАРДЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ……………………. 19
Түсінік хат
«№3 Смирнов орта мектебі» КММ бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес және Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулығын басшылыққа ала отырып әзірленді.(бұдан ары — МІБ).
Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады:
- Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;
- Оқу процесінің сапасын бақылау;
- Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау;
- Оқу-зерттеу қызметі;
- Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
- Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау.
Мектепішілік бақылауды жоспарлау алдында аналитикалық деректерге сүйене отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселесін шешу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерді анықтау мақсатында SWOT талдауы негізінде жасалды. Бақылау объектілері мен қауіптер алдыңғы оқу жылының нәтижелеріне егжей-тегжейлі жасалған SWOT талдауы негізінде анықталды.
6 бағытқа назар аудара отырып, мектеп әкімшілігі былтырғы оқу жылының соңында бақылау объектілерін анықтап және нақты білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін жетілдіру идеясына бағытталған басқару шешімдерін болжады. Бақылау объектілері мен қауіптер алдыңғы оқу жылының нәтижелеріне егжей-тегжейлі жасалған SWOT талдауы негізінде анықталды. Директордың орынбасары, ӘБ жетекшісі, осы бағытқа жауапты мұғалім алгоритм бойынша келесі компоненттерді таңдай отырып, әрекет етеді: бақылау объектілері-мәселелер, қауіптер- басқарушылық шешім нұсқасын таңдау- бақылаудың циклы нақты мектептің жағдайына байланысты жүреді.
Мектепішілік бақылауды тексеруде жауапты етіп, әдістемелік бірлестік жетекшілерін, тәжірибелі педагогтарды, шығармашылық топтарды жұмысқа тартылды. Әр мұғалім мен сынып жетекшісі өз жұмысының әлсіз жақтарын дербес анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде тигізететін өзін-өзі бақылау құралдарын әзірлеу басқарудың тиімді қадамы болғандықтан, мектепте бақылауға алынатын сыныптар, тақырыптар қаралды.
Мақсаты:
- Білім беру саласындағы мемлекеттік стандартты іске асыру;
- білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді орындау;
- білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау;
- білім беру мекемесі қызметін жетілдіру;
- оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру;
- педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру.
Мақсаттардан мектепішілік бақылаудың келесі міндеттері шығады:
- білім беру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
- заңнамалық және де басқа нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылық және орындамау оқиғаларын айқындау, олардың жолын кесу шараларын қабылдау;
- педагогикалық қызмет нәтижелерін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оңды және жағымсыз үрдістерді айқындау және үздік педагогикалық тәжірибені тарату мен жағымсыз үрдістерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мектеп бойынша бұйрықтардың іске асырылу нәтижелеріне талдау жасау;
- бақылау үдерісінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;
- барлық оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарының сақталуын кезеңді түрде тексеру;
- білім беру ұйымында жүргізуге міндетті құжаттарды тексеру (журналдар, күнделіктер, дәптерлер және т. б.);
- жалпыға міндетті оқыту бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау (тамақтандыруды ұйымдастыру, материалдық көмек, үйде оқыту және т. б.);
- үйірмелердің, факультативтердің және спорт секцияларының жұмысын бақылау (сабақтардың жүйелілігі, сабақтардың саны, сабақтардың тақырыбы және т. б.);
- еңбектің қорғалуын және қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау (кабинеттерде, зертханаларда, шеберханаларда, спорт залында, мектеп жанындағы учаскеде)
