«Кітап – білім бұлағы» танымдық шарасы

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың оқу мәдениетін дамыту және кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық іс-шара өтті.

Оқушылар түрлі жанрдағы кітаптармен танысып, оқыған шығармалары туралы пікір білдіріп, негізгі ойды анықтау және кейіпкерлерді сипаттау бойынша тапсырмалар орындады.

Шара оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін және кітапқа деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал етті. Мектебімізде кітап оқуды қолдауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Қосымша ақпарат көздері