Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мереке өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға ел тарихының маңызын түсіндіру, отансүйгіштік сезімдерін арттыру және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру.
Іс-шара мемлекеттік Гимнмен басталып, мерекелік лебіздермен жалғасты. Оқушылар «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің жүрек соғысы» атты композициялық қойылымды сахналады. Онда еліміздің тәуелсіздік алған сәттен бүгінге дейінгі маңызды тарихи кезеңдері көрініс тапты. Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары бұл күннің тарихи және рухани маңызын тағы бір мәрте сезініп, елдің ертеңі үшін жауапкершілікті жүректеріне түйді.



