Қысқы демалыс кезінде 4А және 4Ә сынып оқушыларымен бірге орталықтағы мұз айдынына барып, коньки тептік. Балалар үшін бұл серуен тек демалыс қана емес, белсенді қозғалыс пен жағымды эмоцияға толы керемет күн болды. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, мұз үстінде өз шеберліктерін шыңдады. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі бұл күнді ерекше әрі есте қаларлық етті. Осындай бірлікке толы, пайдалы демалыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін ❄️⛸️