«Адалдық – асыл қасиет» челленджі

«Адалдық – асыл қасиет» челленджі аясында 2026 жылғы 14 қаңтар күні «Айгөлек» шағын орталығында кіші тобы және аралас тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, адалдық, шыншылдық, тәртіп туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру, жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Кіші тобында тәрбие жұмысы ойыншықтар мен көрнекі құралдар арқылы ұйымдастырылды. Балаларға «жақсы» және «жаман» әрекеттер қимыл-қозғалыс, қарапайым сөздер арқылы түсіндірілді. Шын айту, ойыншықты бөлісу, тәрбиешінің айтқанын тыңдау сияқты жағымды әрекеттер бекітілді.

Аралас 3–4 жас тобында «Адал бала» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, қимылды ойындар арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттер ажыратылды. Балалар шын айту, досына көмектесу, табылған затты үлкендерге беру – адалдықтың белгісі екенін түсінді.

Өткізілген іс-шаралар балалардың қызығушылығын арттырып, жағымды эмоциялық орта қалыптастырды. Тәрбиеленушілер белсенді қатысып, адалдық – асыл қасиет екені туралы бастапқы түсінік алды.

Subscribe
Notify of

0 Комментарии
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x