Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Желтоқсанның бірі мектебімізде қазақ тілі күні жарияланып, оқушылар үзілісте мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың ұлттық биі қара жорға биленді. Қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Мектептің теледидарынан оқушыларымыздың жатқа оқыған өлеңдері, Абайдың қара сөздері, ұлттық әуен-күйлер жүріп тұрды.
5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Аталмыш сайыста оқушылар мақал-мәтелдердің жлғасын тауып, өлеңдердің тақырыбы мен авторын анықтау, жаңылтпашты қайталап, жатқа айту сынды сайыстарға қатысып, тіл мәртебесі туралы диалог алаңы ұйымдастырылды. Белсене қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.