Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері
1. Тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана жүріңіз!
2. Көшені ескерту немесе «жаяу жүргіншілер өтпелі» деген арнай белгі тұрған жермен ғана қиып өтіңіз. Ал ондай белгілер жоқ болса, жүргіншілерге арналған жол бойымен қиылысқан жерден кесіп өтіңіз.
3. Көшеден өтетін кезде – солға, ал ортасына келгенде оң жаққа қараңыз!
4. Көлік қозғалысы реттелетін көшелерде және жолдарда, жүріс бөлігін тек бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда немесе қозғалысты реттеуші жүруге рұқсат берген кезде ғана кесіп өтіңіз.
5. Жақын келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңіз!
6. Жолдың торабы немесе өтетін жер көрінбеген жағдайда, көшені жолдың шетінен оң жаққа қарай қиып өтуге және екі бағыт та анық көрінетін жермен кесіп өтуге болады.
7. Жолдан өтіп үлгермеген жаяу жүргіншілер қарама-қарсы бағыттағы көлік ағынын бөлетін сызықта тоқтап тұруы керек. Көшеден өтуді тек қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізген жағдайда және бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда ғана жалғастыра аласыз.
8. Аялдамада тұрған автобусты немесе троллейбусты тек өтуге рұқсат етілген орындарда ғана айналып өтіңіз, бірақ сонда да сақ болыңыз. Мұндай көлік құралын алдынан немесе артынан айналып өту қауіпті.
9. Жолдың бойында ойын ойнамаңыз және көшеде конькимен, шаңғымен және шанамен сырғанамаңыз.
10. Өтіп бара жатқан көліктерге жабыспаңыз және трамвайдың ілініс құрылғысына жабысып ойнамаңыз – бұл өмірге қауіпті!
11. Көк түсті жарық шамы жағылған немесе көк және қызыл белгілермен бірге арнайы дыбыстық сигнал беріп келе жатқан көлік құралдары жақындағанда, көшеден өтпеңіз. Ал егер сіз жол бойында болсаңыз, осындай белгі берген көліктерге жол беріп, өткізіп жіберіңіз де, жолды дереу босатыңыз.
12. Есіңізде болсын, балаларға тек 14 жастан бастап қана көшелер мен жолдарда велосипедпен жүруге рұқсат етілген.
Жаяу жүргіншілерге арналған ереже
Жаяу жүргіншілерге қандай жағдайларда жүруге рұқсат етілмейді:
1. Жүргінгілерге жаяужол, жаяу жүргіншілер немесе велосипед жолағы, жолдың жиегі тұрған кезде жолдың жүріс бөлігінің шетімен жүруге болмайды.
2. Жолдың жүру бөлігінде, соның ішінде қарама-қарсы бағыт пен бағыттас ағынды бөліп тұратын көлденең жолдағы белгілерде аялдап, тоқтауға рұқсат етілмейді. Тек аялдауға болатын қауіпсіз бөліктерде ғана тоқтап тұруға болады.
3. Жолды жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі болмаса кесіп өтуге болмайды. Әсіресе:
– көшені бөліп тұратын жолақ, аймақ болса;
– жолақтың жалпы саны алты немесе одан да көп болса;
– жол қоршаулары орнатылған болса, тек жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелімен ғана өту керек.
4. Көшеде көлік немесе жолды көрсетпей тұрған басқа нысан тұрса, жақындап келе жатқан көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізбестен, жолдың жүріс бөлігіне шығуға болмайды.
Ата-анарға арналған ереже
– Балаларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ ерте жастан бастап ол ережелерді оқып, бақылауға және үйренуге үйрету керек. Ата-аналар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың басты әдісі – балалардың ересектерді, ең алдымен ата-аналарды бақылап, соларға еліктейтінін ұмытпау керек. Көптеген ата-аналар мұны түсінбей, өздері балаларын дұрыс емес әрекетке үйретіп жатады.
– Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз.
– Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтылап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады.
– Балаңызды жан-жаққа қарауға үйретіңіз. Балада жолаяқтан алғашқы қадам баспас бұрын басын бұрып, барлық бағыттағы жолды тексеретін, қатып қалған әдет болу керек. Ол автоматты түрде осылай әрекет етуге үйренуі тиіс.
– Баланы көлікті байқауға үйретіңіз. Кейде балалар алыстағы көлікті немесе мотоциклді байқамайды. Оған қашықтыққа қарауды үйретіңіз.
– Балаңызды көліктің қалай қозғалатынын, жылдамдығын және бағытын бағалауға үйретіңіз. Оларға қайсы көліктің тік жолақпен жүретінін және қайсысының бұрылайын деп жатқанын анықтауға үйретіңіз.
– Сондай-ақ, өзіңіз де ережені мұқият меңгеріп алыңыз. Және балаға кез-келген көлік түріне тек, ол тоқтап тұрған кезде ғана кіру және шығу керектігін үйретіңіз. Балаға көлік жүріп бара жатқанда неге секіріп мінуге немесе түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.