Бүгін 1 қыркүйек сағат 10:00-де « Терең білім- еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» – атты білім күніне арналған алғашқы қоңырау өтті. Салтанатты жиынымызға Аққайың ауданы «Аманат» партиясының төрағасы Мұқанов Сәбит Өмірзақұлы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Исенова Жанар Әнуарбекқызы қатысты.
Биылғы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын 1 сыныпқа 30 оқушы аттады .
Білім күніне арналған салтанатты жиында жыл бойы біздің мектеп өміріне белсене қатысып марапаттар алған оқушылардың жетістіктері аталды. 1қыркүйек күніне арналған концерт аяқталған соң, барлық сыныптар сынып сағаттарын өткізді.