№3 Смирново орта мектебімізде, отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие барысында «Әжелер мектебі» құрылды.
Мақсаты: оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі- қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдырларын, салт- дәстүрлерді бойларына сіңіру.
Міндеттері: қазақ халқының әдет- ғұрпы мен салт – дәстурлері туралы кең көлемді мағлұмат беру;
Оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт – дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға , қонақжайлылыққа,әдептілікке баулу;
Ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика- эстетика лық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, ұлттық құндылықтарды саналарына сіңіру.
«Әжелер мектебі» жоспарына сай әжелер мүшелері 3 сынып оқушылармен бірге « Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Осы орайда әжелер мектебінің алар орны ерекше. Адам өмірінің мәні, көз қуанышы-бала.Бала бойындағы табиғи қасиеттер , адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады. Әрбір ата-ана қоғамға ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезімі ояу, мәдениетті, еңбекқор сынды бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан ұлтжанды ұл мен қылықты қыз тәрбиелеп, ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген.
Қорытынды:
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.