Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасына сәйкес 16-қараша күні «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады?»
тақырыбында 6-7 сыныптар ата-аналарының жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту. Сабақ барысында ата-аналарға балалардың жас дағдарысы кезеңінде даму ерекшелігі туралы айтылып, талқылау сұрақтары арқылы ата-аналар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Жас дағдарысы кезеңінде балалардың мінез-құлқының өзгеруін ескере отырып, баланың жүрегіне дұрыс жолды қалай табуға болатыны туралы ата-аналарға бейнеролик көрсетілді. «Келіссөздер» жаттығуы өткізілді. Мақсаты: топ мүшелеріне өздерінің ата-аналық үміттері мен баланың мүмкіндіктерін түсінуге және тұжырымдауға көмектесу. Сабақ соңында ата-аналарға «Жасөспіріммен ортақ мүдделерді қалай табуға болады» нұсқаулықтары ұсынылды.
Сынып жетекшілер: Шаймерденов Ғ.А., Сапарова А.М., Садуова А.С.