«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, ауыл турғындары ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу туралы,тағы басқа да қызметтерді алуларына болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы және тегін алуға болады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады. Қызметтерді алу кезінде азаматтарға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажет.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады.