Бүгін мектеп жанындағы Саржайлау жазғы алаңына Мәскеуден қонақтар келді. Олар осыдан біраз жыл бұрын Смирново ауылында тұрып, балалары біздің ғимараттағы балабақшада тәрбиеленген. Біздің сауықтыру алаңымызды көріп, ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізбен танысып, тамсанды. Алтыбақанда тұрып, самал желдің лебімен тыныстады. Көңілдері марқайып, киіз үйге кіріп дем алды.