2023 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толды.
«№3 Смирново орта мектебі» КММ оқушылары интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне арналған іс-шараға қатысты.
Аққайың аудандық кітапханасында Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп дайындалған ерлік сағаты өтті. Жүргізушілер өз Отанынан тыс жерлерде халықаралық борышын өтеуге мәжбүр болған Кеңес жігіттерінің батылдығы туралы айтты. Балалар Ауған соғысы туралы деректі фильмдердің үзінділері мен клиптарды тамашалады. Барлық қатысушылар қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.