#Біртұтас_тәрбие #Мен пікір_сайысшымын #Мен_дебатшымын. «Ұшқыр ой алаңы» облыстық турнирі. 14 қыркүйек күні «Ұшқыр ой алаңы» облыстық турнирі өтті. Турнир «Мектеп дебаттары» форматында өтті. Мұндай пікірсайыстар мектеп оқушылары арасында дебаттық қозғалысты дамыту, насихаттау мақсатында өткізіледі. Облыстық турнирге аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Пікірсайысқа орыс лигасынан 12 команда, қазақ лигасынан 12 команда қатысты. Қазақ лигасына Аққайың ауданынан#3Смирново орта мектебінің оқушылары Сұлтанғазы Саяжан, Тулен Бекмухамед қатысты. Дебатқа қатысушылар өз білімдерінің жеткілікті деңгейін көрсетіп, ойындарға одан әрі қатысу үшін тәжірибе жинақтап, жақсы әсермен оралды. Қатысушылар қоғам қажеттіліктен емес, қызығушылықтан дамып жатыр ма, жастардың мәдениеті мен патриоттық сезімін арттыру, жасанды интеллекттің зияны мен пайдасы, қашықтықтан және дәстүрлі білім беру туралы пікір алмасты. Сондай-ақ НЗМ тренерлері дебат өткізу және дебат клубын ұйымдастыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Мастер-класс аяқталғаннан кейін ең белсенді пікірталас жетекшілері клубтарына сертификаттар берілді. «Шың» клубтың жетекшісі Хамзина. Р. Қ – ға осындай сертификат табыс етті. Қатысушыларға айдың аяғында сертификат табыстайтын болды.

/

Қосымша ақпарат көздері