«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» мейрамы махаббат пен сүйіспеншілікке арналған. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.
Қазақтың лиро-эпостық жауһар жыры «Қыз Жібек» махаббат гимні десе болады. Осы эпос негізге алынған бұл туындыға да Қыз Жібек пен Төлегеннің жүрек тербірентер қайғылы махаббаты арқау болған.
Жыл сайын 15 сәуірде ғашықтар күнімен құттықтай отырып, біз жас ұрпақтың бойында ұлттық өзіндік ерекшелік сезімін және өз тарихымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті дамытамыз.