Қыркүйектің 7-сі Смирново №3 орта мектебінде тілдер апталығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстырылып, шағын бейнебаян көрсетілді. Кітап көрмесі мен слайдтар арқылы шығармалары таныстырылды.
Сәкен Сейфуллин: «…Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті», — дегендей, ұлт ұстазы туралы қазақ зиялыларының пікірлері беріліп, соған орай оқушылар өзіндік ойларымен бөлісті. Ахмет Байтұрсыновтың тіл туралы тағылымдарын оқып, өзара талқылады.
М.Әуезов: «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың » рухани көсемі», — деп ұлы тұлғаның бейнесін аша түскендей. Осыған орай дара тұлғамыз: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді»,- деген нақыл сөзінің негізінде өмір бойы білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпау керек екендігін айтады. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.