09.11.23ж. күні №3 Смирново орта мектебінде «Ағасы бардың — жағасы бар» тақырыбында ағалар клубының отырысы өтті. Мақсаты:
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкелерді мектеппен тығыз байланыста болуға шақыру.
Бұл отырыста «Мен үшін әке болу — бұл…» тренингі өткізілді. Әкелерге отбасыда болатын қатыгездік туралы бейнероликтер көрсетіліп, ситуациялық сұрақтарды талқылау ұсынылды. Мектеп психологі әкелерге балалармен жағымды қарым-қатынасты қалай дұрыс орнату қажеттілігі туралы кеңес берді.
Нравится
Комментировать
Поделиться