Биылғы оқу жылынан бастап ата-аналармен барлық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары» өз жұмысын бастап, олардың ең бірінші басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын , бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту болып отыр.
“3 Смирново орта мектебінде бүгін,яғни 10 қараша күні бастауыш сыныптар бойынша сынып жетекшілер Жулдыз Турсумбековна және Балкия Меирбековна ата-аналар жиналысын ұйымдастырып,орталықтың жұмыс барысымен таныстырды.
«Отбасы — бақыт бесігі.Ата-аналар өмірінің жобасы — бақытты адам» және “Білімдіге дүние жарық.Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?”тақырыбында сабақ өткізілді.
Мақсаты: 1)ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын
қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру;
2)мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.Сабақ барысында ата-аналар өз ойларымен
бөлісті. Тақырып аясында пікірлерімен бөлісті.Сабақ соңында ата-аналарға мінсіз ата-ана жоқ
және көмек сұрауға және жетіспейтін ақпаратты іздеуге қымсынбаңыз. Сіздерге қолдау
көрсетуге, кеңес беруге, көмектесуге әрдайым дайынбыз.