Туриада

Бүгін 20 қыркүйек №3 Смирново орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі туриадаға шықты. Жалпы барған оқушылар саны 140.

Туриадада өткізілген бағдарламалар.

1. Топтың ән ұраны

2. «Шәй қайнату»

3. Ботқа пісіру

4. Дастархан мәзірі. (топпен достық, бірлік, табиғат тақырыбына ән айту сайысы)

Спорттық іс-шаралар

1. Футбол 5-7-8 -11 сынып ұлдары

2. Волейбол 9-11 сынып қыздары

3. Пионербол 5-8 сынып

4. Көңілді сөре

5. Дартс

6. Арқан тарту

Туриада мақсаты:

1.жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың тиімді құралы ретінде оқушылармен туристік-өлкетану жұмысын дамыту;

2. денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, табиғи жағдайда өмір сүру әдістері мен дағдыларын қалыптастыру үшін мектеп туризмін пайдалану;

3. Төтенше жағдайлар туындаған кезде оқушыларды өз бетінше іс-қимыл жасауға дайындау.

Туризм-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың тиімді құралы.

Туризм-денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын ұстануға тамаша уақыт. Туризм-жас туристердің спорттық шеберлігін арттырудың тәсілі.

Оқушыларға туриада өте қатты ұнады.

#Балаларжылы

#Годдетей

#өзін_өзібасқару

#школьное_самоуправление

#студенттікпарламент

#студенческийпарламент

#rumcdo_official

Источник дополнительной информации