- Ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.
- Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру.
- Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.
- Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.
Жиналыс барысында бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі және бейімділікті баланың бойында қандай да бір қабілеттің барлығын білдіретін белгі деуге де болатынын түсіндіре келе ата-аналармен тренинг, сұрақ жауап, піркіралмасу ұйымдастырылды. Сабақты балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші, мүмкіндігі болып табылады деп қорытындыладық. Баланың бойыңдағы қабілетті, дарынды сыртқа шығаруда біз, балаларымызға әрқашан кеңесші және жолсерік болайық!
Сынып жетекілер: А.А.Баймуканова, Ж.Т.Умерзакова