№ 3 Смирново орта мектебінің салтанат залында әжелер мектебінің мүшелерімен
« Жылылық күннің көзінде, тәрбие әже сөзінде» тақырыбы бойынша отырыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып туралы түсінік беру. Өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, қима қағаздар, слайдтар.
Бүгінгі отырысымызда қазақтың ұлттық салт-дәстүрі туралы сөз қозғадық.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптарының негіздері.
Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталдық.
Әжелер мектебінің отырысы қызықты өту үшін, «Кім білгір?» танымды ойын, «Сөздің көркі – мақал» демекші мақалдап сөйлеу жарысы және де «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қарама- қарсы мақалдарды тауып алу жарысы ұйымдастырылды.
Қорытынды.
Бүгінгі біздің отырысымыздың максаты — заман өзгерсе де, ұлттык салт -дәстүріміздің ұмытылмайтынын еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту.
Әрбір жас ұрпақ болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенеміз.