Мақсаты: Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тіл – қай ұлтта қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Ана тілімізді дамытып, орыс тілін қолданып, ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен балаларды қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету, салауаттылыққа тәрбиелеу.