2023-2024 оқу жылының «№3 Смирново орта мектебінің бракераж комиссиясының қорытындысы.
Биылғы оқу жылында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығын басшылыққа ала отыра, жалпы ережелерімен таныса отырып мектепте оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан 53 оқушы «Жаппай оқыту қорынан» тегін тамақпен қамтылды. Интернатта тұратын 50 оқушы 5 мезгіл тамақтандырылды. Мектеп бойынша 1-4 сыныптар аралығында -106 оқушы , жалпы 100% ыстық тамақпен қамтылды.
Оқушыларға ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуы мақсатында, асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп директорының 28.08.2023ж. №171 «Бракераж комиссиясын құру» туралы бұйрығы шығарылды. Бракеражды комиссияның құрамда:
бракераж комиссия төрағасы мектеп директоры –Р.К.Нұртазинова;
комиссия мүшелері: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Умбетова; медицина қызметкері Б.З.Сайдалинова; қамқоршылық кеңес төрайымы К.Т.Саменова; «Айгөлек» шағын орталықтың әдіскері А.Б.Курмангалиева, әлеуметтік ұстаз Г.М.Зеннат , интернат меңгерушісі Қ.А.Аманжаев бекітілді.
Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.
Бракераж комиссиясы айына 1 рет рейд жүргізіп, акттар жасады. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізді.Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігінен құрылған кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады.
Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы педагогикалық кеңесінде қаралып, мектеп сайтында орналастырылып отырды.