13.06.2024 жылы Аққайың аудандық Мәдениет үйінде #3 Смирново орта мектебі оқушыларының «Сәт сапар, саған ,Жас түлек -2024» атты салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл — қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Мектеп директоры Р.К.Нуртазинова түлектерге ақ жол тілей отырып,қолдарына үлкен өмірге жолдама беретін,азаматтық куәсі болып табылатын құжаттары -аттестаттарын табыстады.Биылғы оқу жылында мектебімізді 12-түлек тәмәмдады.Оның үшеуі қызыл аттестат иегерлері.Олар: А.Бакджанова,Н. Биболсын,Р.Жасланов.
Іс-шара барысында түлектер өз кезегінде ұстаздарына,сынып жетекшісі Ж.Т.Умерзаковаға,ата-аналарына арнап жүрек жарды әндері шашу етті.
Жас түлектердің ата-аналарының атынан құттықтау сөз Г.Е Галиулина мен О.Р Жангаринге  беріледі.Ата-аналары балаларына музыкалық сәлемдемелерін арнады.
Мереке соңында түлектер балғын балалық шақтарымен қош айтыса отырып «Қоштасу «вальсін биледі.
Мектеп қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басты.Әрқашан сәтті жол болсын! Сапарларыңыз оң болсын!

Источник дополнительной информации