- “Ботаникалық бақ.
Қазақстандағы ең көне ботаникалық бақ Петропавл қаласында орналасқан. 110 жылдық тарихы бар оранжерея. Ботаникалық бақтың әр жан-жануарлармен, құстармен, жәндіктермен, өсімдіктермен толықтырған. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген ағаштар бар. Кейбірінің атауын да бұрын естіп көрмеген едім. Тасбақа мен қояндар, тағы басқа тірлішік иелері де бар. Ботаникалық бақта балалар қызықты мағлұматтар алды.
2.”Абылай хан резиденциясы” мұражайлық кешені- тарихи ескерткіш.Оқушылар Абылайханның балалық шағы,хан тағына отыруы мен артынан қалған мұраларын мұқият тыңдады. Келесі кезекте Абылайдың тынығу бөлмесі. Бөлмеде бірнеше жәдігерлер қойылған. Ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, үстел, түкті-түксіз тоқыма кілемдер, жез құман, киім-кешек, сандықтар қойылып, үйдің ішкі көрінісі бейнелеген. Резиденцияның дәл ортасында тұрған Абылайхан суретіне де қай қырынан қарасаң да саған қарап тұрғандай болды.
3.”Ойын-сауық сабағы” -ашық аспан аясында орналасқан.Саябақта көптеген ойын-сауық нысандар бар-аттракциондар, ойын автоматтары, және де басқа түрлері. Оқушылар “Көңілді слайдтар”, «Автодром малыш», «Тізбекті карусель”, “”Қайықтар” және тағы басқа аттракциондарға отырды.
Балалар саяхаттан тамаша әсер алып, көп нәрсемен танысып, жақсы көніл күймен үйге оралды.