23 қыркүйек күні бастауыш сыныптар арасында “Еңбек адал жас өрен” жобасы аясында “Еңбек түбі береке” атты сынып сағаттар өткізілді. Сонымен қатар оқушыларға қауіпсіздік бойынша, 1- сыныптар «ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ», 2-сыныптар «МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПТЕР», 3-сыныптар
«ҚАЛАЙ ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚАУІПСІЗ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?», 4 -сыныптар «КӨШЕДЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТІ КЕЗДЕСТІРУ» тақырыптары бойынша бейнежазбалар көрсетілді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.
Жоспары:
- “Бейнеролик айдары”
- Пікірталас-“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Қандай адамды еңбекқор дейміз?
-Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай? - “Жалғасын тап” ойыны
- Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс
5.Қорытынды.